
13-15 ақпанда 2020 жылғы Build Idea консалтингтік фирмасының делегациясы (Galamat Integra тобының еншілес құрылымы) Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және бірқатар ірі жеке меншік клиникалардың шақыруы бойынша Ташкент қаласына барды. Өзбекстан үкіметі қабылдаған елдің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Тұжырымдамасы шеңберінде медициналық консалтинг саласындағы ынтымақтастық мәселесіне байланысты келіссөздер жүргізілді.
Build Іdea ЖШС мен Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ бірқатар ірі клиникалар МЖС жобаларын енгізуге, медициналық технологиялар аусымына және білім беру және консалтингтік іс-шараларды өткізуге қатысты серіктес болуға дайын екендіктерін білдірді.