2019 жылдың 13-14 маусымында Алматы қ. «Қалалық кардиологиялық орталығында» «Дилатциялық және перфузиялық Amicath® катетерін қолдану» тақырыбында Мастер-класс өткізілді

2019 жылдың 13-14 маусымында Алматы қ. «Қалалық кардиологиялық орталығында» Hospital Vall d’Hebron, Barcelona, Spain.-нан келген Imanol Otaegui  шетелдік маман-дәрігердің және Қазақстан Республикасының интервенционалды кардиологтардың қатысуымен «Жедел окклюзияланған коронарлық артериялар зақымдануларының диагностикасы мен емдеуі үшін дилатция және перфузияға арналған Amicath® (өндіруші: Iberhospitex, S.A., Испания) катетерін қолдану» тақырыбында Мастер-класс өткізілді. Мастер-класс кезінде клиникалық оқиғалар көрсетілді, сонымен қатар мастер-класс кезінде Қалалық кардиологиялық орталықтың қабылдау бөліміне келіп түскен Жедел коронарлық синдромы бар науқасқа тәжірибе жүзінде қолданылды.

«Дилатациялық және перфузиялық коронарлық Amicath® катетерінің өлшемі: диаметірі 1,42 мм (4,26 F), ұзындығы 138 +/-2 см», өндірушісі Iberhospitex S.A.(Испания).

Дилатациялық және перфузиялық коронарлық Amicath® катетері – әуелгі ангиопластика кезінде шешім қабылдау үрдісін жеңілдету үшін арнайы құрастырылған жоғары тиімділігі және қауіпсіздігі бар бірегей құрылғы. Ол толық жедел окклюзияланған коронарлық қан тамырларын және миокард инфарктісін емдеу кезінде дистальды қан тамырларына талдау жүргізуді және дистальді дәрі-дәрімекті енгізуді қамтамассыз ете отырып зақымдалған жерлерден оңай өтеді.