2018 жылдың 2-5 шілде аралығында Астана қаласында Galamat Integra компаниясының демеушілігімен Халықаралық нейрохирурхиялық форумы және Қазақстан Республикасының нейрохирургтарының 4.Конгрессі өткізілді

Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының бас қаласы Астананың 20-жылдығы мен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ 10-жылдығы шеңберінде өткізіледі.

ҚР нейрохирургтарының конгресі –бұл қазақстандық нейрохирургтардың кездесу орны, мұнда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үшін резолюция қабылдаумен «Қазақ нейрохирургтары ассоциациясы» ҚБ басқармасының дәстүрлі отырысы өтеді. Осы жылы Конгресте «Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық қызметті ұйымдастыру», «Нейрохирургиялық бөлімшелерді жабдықтау стандарттары», «Нейрохирургиялық кадрларды дайындау», «ҚР инсульт қызметі» және басқа да өзекті сұрақтар талқыланатын болады.

Өз кезегінде Халықаралық нейрохирургиялық форум – шетелдік әріптестермен кездесудің, тәжірибемен және ғылыми зертттеулердің нәтижелерімен бөлісу, сондай-ақ нейрохирургиялық саладағы өзекті мәселелерді талқылаудың үздік мүмкіндігі.

Форумға әлемнің 30 елінің ресми өкілдері қатысатын болады, соның ішінде Қазақстанның, ТМД елдерінің және шетелдердің нейрохирургия, неврология, нейроанестезиология және нейрореанимация саласының жетекші мамандары бар. Олардың арасында әлемдік нейрохирургияның ғұламалары: РҒА академигі, Н.Н.Бурденко атындағы ҰМЗО құрметті президенті, Ресей нейрохирургтары ассоциациясының президенті Александр Коновалов, WFNS нейрохирургиялық қоғамдастықтардың бүкіләлемдік федерациясының президенті, профессор Franco Servadei (Италия), Нейрохирургтардың Азиялық конгресінің президенті, профессор Yoko Kato (Жапония), Нейроэндоскопияның халықаралық федерациясының президенті, профессор Shlomi Constantini (Израиль), Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық ассоциациясының вице-президенті, РҒА академигі, Н.Н.Бурденко атындағы НМИЦ ФГАУ директоры (Ресей) – Александр Потапов, нейрохирургтардың Азиялық Австралиялық қоғамдастықтарының вице-президенті, Хиросима (Жапония) университетінің нейрохирургия бөлімшесінің жетекшісі, профессор – Kaoru Kurisu, Фукуи (Жапония) университетінің нейрохирургия бөлімшесінің жетекшісі, профессор -Kenichiro Kikuta, РФ (Ресей) балалар нейрохирургиясы ассоциациясының президенті, профессор Вильям Хачатрян, Ганновер (Германия) неврология халықаралық институтының медициналық директорының орынбасары және вице-президенті, профессор – Amir Samii, Сент-Луиса (АҚШ) университетінің нейрохирургия бөлімшесінің жетекшісі, профессор Saleem Abdulrauf, Сураски (Ихилов) атындағы аурухананың инвазиялық нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Тель-Авив (Израиль) университетінің медицина факультетінің доценті, профессор – Shimon Maimon, Сорока (Израиль) университетінің медициналық орталығының нейрохирургия бөлімшесінің жетекшісі -Israel Melamed және т.б.

Бірінші рет Қазақстанда форум қатысушыларына Prof. Eka J. Wahjoepramono және Dr. Julius July (Индонезия) нейрохирургиялық қоғамдастықтардың бүкіләлемдік федерациясымен танылған нейрохирургтарының 3D дәрісін алуға, мидың терең бөлігіне үш бөлімдік режимде қарау ерекше мүмкіндігі ұсынылатын болады. Дәрістерінің тақырыбы- ми бағанының каверналы хирургиясы, ми ісігі және клипстелмеуге дейінгі аневризмалар хирургиясы, микроваскулярлық декомпрессия және артқы бассүйек шұңқырындағы краниалды нерв.

Жалпы алғанда форумның ғылыми бағдарламасы нейрохирургия, нейроонкология жұлын, тамырлы, педиатрия нейрохирургиясы және шеткі жүйке нейрохирургиясы, сонымен қатар жіті инсульттарды емдеу және аталған тақырыптар бойынша пленарлық сессияларды өткізуге арналған.

www.neuroclinic.kz