Құрметті серіктестер!

«Galamat Integra» компаниясы Қазақстанның және көрші елдердің нарықтарына бүкіл әлемнің инновациялық медициналық зерттемелерін енгізу және жылжыту мақсатымен құрылды.

Отандастарымызға медицина ғылымының заманауи жетістіктеріне қолжетімдікті қамтамасыз ету біз үшін үлкен құрмет болып табылады. Уақыттың жаңа сын-тегеуріндері мен талаптары медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіптік қарқынды дамуын жылдамдатады. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңалықтар қазіргі таңда жағымсыз антропогендік факторлардың «қысымының» бар болуына қарамастан, адамзатқа денсаулықты сақтауға және қалпына келтіруге, жайлы өмір сүруге көмектесе отырып, ІТ технологиялар саласындағы ноу-хаумен маңыздылығы бойынша бірдей.

Қазақстан экономикасы қарқынды түрде дамуда, соған байланысты елдің денсаулық сақтау саласын қаржыландыру да күрт ұлғайды. Заманауи емханалар салынуда, мамандар әлемнің жетекші медициналық орталықтарында білім алуда. Осыған байланысты республикада заманауи инновациялық медициналық технологияларды белсенді түрде пайдалану мен қолдану маңызды болып табылады.

Біз емделушілер мен мамандарымыз медицинадағы инновацияларды жылдам және оңай пайдалану мүмкіндігіне ие болуы үшін жұмыс істейміз.

Біздің команда кәсіби маркетинг-менеджерлерден, өнімдер бойынша мамандардан тұрады, олар мамандардың қажетті жоғары технологиялық медициналық өнімдерге қажеттіліктерін оларды жасаушылар мен өндірушілердің кеңселерінің «есіктеріне дейін» жеткізе алады. Және осылай кері тәртіпте: медицинадағы жаңа технологиялар қысқа мерзімде отандық мамандар мен емделушілердің назарына қысқа уақытта ұсыныла алады.

Осылай біз медициналық инновациялардың тұтынушыларымен де, олардың өндірушілерімен де тығыз өзара әрекеттер үшін ашықпыз. Біз инновациялық медициналық өнімдердің иелері мен өндірушілеріне кешенді маркетингтің және Қазақстан мен Орта Азияда жылжытудың сапалы қызметтерін ұсына отырып, оларды өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз.

Galamat Integra ЖШС Бас директоры, MD, DBA
Сейітжан Сыпабеков

Ынтымақтастық алгоритмі 3 кезеңнен тұрады және схемалық түрде ұсынылады:
Жоғары