GENERAL SURGERY
Өнім Surgicryl 910, Surgicryl PGA, Polypropylene, Polyester, Nylon, Silk - жоғары сапалы хирургияық тігін материалы
Серіктес SMI AG, Бельгия
Қолданылуы Хирургиялық әрекеттерді жүргізгенде әр түрлі организмнің тіндерін сапалы қосу үшін
Сипаттамасы Surgicryl 910: өрілген, жабыны бар, 910 полиглактин полимерінен жасалған сіңірілетін жіп 

Surgicryl PGA: полигликольді қышқылының сополимерінен жасалған өрілген, сіңірілетін жіп 

Polypropylene: Полипропиленді, монофиламентті, сіңірілмейтін жіп 

Polyester: өрілген, жабыны бар, полиэстерден жасалған сіңірілмейтін жіп 

Nylon: монофиламентті, сіңірілмейтін тігін метриалы, 6.0 немесе 6.6 полиамидінен жасалған. 

Silk: өрілген, табиғи, сіңірілмейтін (жібек) жіп

Қолданылуы, сертификаттар

EN ISO 9001, EN ISO 13485, Медициналық бұйымдар туралы 93/42/EEC Еуропалық директиваның талаптарына сай. Әлемнің 80 елінен артық жерлерге экспортталады

Өнім BioGlue – хирургиялық биологиялық желім
Серіктес CryoLife Inc, АҚШ
Қолданылуы BioGlue – хирургиялық желім – тігістерді жасаған кезде пайда болатын тесіктерден қан кетуге тосқауыл болатын, анастамоздарды және хирургиялық тігістерді бекітуге арналған кауіпсіз және тиімді бұйым
Сипаттамасы BioGlue – бұқаның сарысу албуминінен (БСА) және глутаральдегидінен тұратын су ерітіндісі бар қоскомпонентті шприц және тіндерге желімді жағуға арналған аппликаторлар. Полимеризация жылдамдығы 20-30 с, анастамоздың макс. мықтылығы бар жоғы 2 минутта пайда болады. Биосіңірілімді.
Қолданылуы, сертификаттар

Тура аналогтары жоқ, гемостаз саласындағы әлемдік көсбасшылардың өнімі. FDA сапа сертификаты

 

Өнім PerClot – гемостатикалық бұйымдардың жаңа буыны
Серіктес Starch Medical, АҚШ
Қолданылуы PerClot – кардиохирургия, қан тамырлар хирургиясы, нейрохирургия, жалпы хирургия, урология, гинекология, ортопедия, травматология, ЛОР хирургиялары кезінде диффузды және профузды қан кетулерді тоқтату үшін қолданылады
Сипаттамасы PerClot – өсімдіктен жаалған АМР модификацияланған полисахариді бар диспенсерден және гемостатикті жағуға арналған аппликатордан тұрады. Биосіңірілімді
Қолданылуы, сертификаттар

Тура аналогтары жоқ, гемостаз саласындағы әлемдік көсбасшылардың өнімі.

 

Өнім Surgical Stainless Steel – хирургиялық болат
Серіктес Assut Medical, Швейцария
Қолданылуы Көкірек қуысын жабу үшін және ортопедиялық хирургиялық процедуралар кезінде қолданылады
Сипаттамасы Металл, монофиламентті, 316VM тот баспайтын болаттан жасалған сіңірілімейтін тігін материалы, жоғары беріктілігі және төзімді түйіні бар
Қолданылуы, сертификаттар

Барлық әрекет ететін сіңірілмейтін тігін материалға қатысты Еуропалық және Құрама Штаттар Фармакопеясының талаптарына сай

 

Өнім Drenofast – кіріктірілген вакуумы бар жараны дренаждауға арналған дренаждық жүйесі
Серіктес Iberhospitex S.A., Испания
Қолданылуы Отадан кейінгі кезеңде экссудаттарды эвакуциялау және жара бетінің тартылуы үшін қолданылады
Сипаттамасы

200, 400, 600 мл әр түрлі өлшемді ыдыстары бар, кіріктірілген вакуумы бар бір реттік қолануға арналған дренаждық жүйе және дренаждық түтікше және CH6 -CH18 инелермен бірге жиынтықта келеді

Қолданылуы, сертификаттар

ISO 13485:2016 стандартына сай

 

Өнім Медициналық жабдыққа, жиһазға және операциялық блоктардағы басқа да бұйымдарға арналған полиэтиленнен және басқа материалдардан жасалған барьерлік қорғаныш жабындар (бір реттік стерильді жабындар)
Серіктес Nilymed, Израиль
Қолданылуы Жоғары стерильдікті талап ететін операцияларда жабдықтардың стерильдігін сақтау үшін арналған
Сипаттамасы Микроскоптарға аранлған жабын (қап): жабдыққа сенімді қорғанышты қамтамассыз ету үшін және ыңғайлы қолдану үшін

C-ARM доғаға арналған жабын (қап): C-ARM доғалардың барлық моделдерін жабу үшін жабындардың көптеген түрлері бар. 

Жарық түсіргіш аспаптардың тұтқаларына арналған жабын (қап): жарық түсіргіш жүйелердің және басқа да медициналық жабдықтардың көбейіп бара жатқан түрлеріне шешімді қамтамассыз ету үшін

Қолданылуы, сертификаттар

ISO 13485: 2016 & EN ISO 13485: 2016

 

Жоғары